Мирас университеті студенттері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық дәріс

Мирас университеті студенттері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық дәріс

 8.04.2026 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының инспекторлары Искакова Динара Адильбековна және Жумагул Меруерт Сағыналықызы, сондай-ақ Жастар саясаты басқармасының бас маманы Тұрғанбай Болат Жаппарұлы және “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің “Жастарды қолдау және стратегиялық даму” бөлімінің басшысы Әлім Арайлым Ерланқызының қатысуымен «Мирас университетінде» кәмелетке толмаған студенттер арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Профилактикалық шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, саналы әрі жауапты азамат қалыптастыру.

Кездесу барысында студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сыртта болуға болмайтыны, жол қозғалысы ережелерін сақтау, сондай-ақ зиянды әдеттерден аулақ болу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, интернет қауіпсіздігі, кибербуллинг пен сталкингтің (қудалау) алдын алу, нашақорлық пен алкоголизмнің зияны, тұрмыстық және қоғамдық ортадағы қауіпсіздік шаралары, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету ережелері, академиялық адалдық және оқу тәртібі мәселелері қамтылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, құқық бұзушылықтардың салдары және олардың болашаққа әсері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

 

Последние новости

8 апреля 2026 года в университете «Мирас» состоялась содержательная встреча студентов, организованная Молодёжным ресурсным центром, на тему «Объяснение этнополитики и пропаганды вредного воздействия ...
 8.04.2026 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының инспекторлары Искакова Динара Адильбековна және Жумагул Меруерт Сағыналықызы, сондай-ақ Жастар ...
08 апреля 2026 года в Университете «Мирас» совместно со обучающимися медицинского колледжа ЮКМА был организован и проведён круглый стол на тему: «Роль Ассамблеи народа Казахстана в укреплении ...
07 апреля 2026 года в Университете «Мирас», в рамках профилактически-просветительской работы здравпункта и психологической службы состоялась открытая гостевая лекция на тему: «Признаки суицидального ...
7 апреля 2026 г. в рамках реализации целевых индикаторов сектора права состоялся круглый стол на тему: «Правовая ответственность в сфере искусственного интеллекта».
Научный кружок «Молодой психолог» совместно с психологической службой Университета «Мирас» активно развивают партнёрские связи с профессиональными организациями города.
06.04.2026 года преподаватели и обучающиеся сектора бизнеса, управления и сферы обслуживания в рамках благотворительной акции «Твори добро: продвижение человеческих ценностей» посетили областную ...
2026 жылғы 6 сәуір күні сағат 12:00-де «Мирас» университетінде «Нашақорлық пен лудоманияның қауіптілігі» тақырыбында дискуссия өтті. Іс-шараны техника ғылымдарының магистрі, оқытушы Ысырайыл Қ.М. ...